Көкшетау қаласында «SportFEST Kazakhstan» жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбие беруді дамыту және дәріптеу жөніндегі республикалық жобасының іріктеу ойындары өтті.
Жоба аясында Ақмола облысының 18 ауданынан келген 594 қатысушы өз бақтарын сынады. Олар – спорттық жетістіктері жоқ, 8-10 сынып оқушылары.
Турнир қаланың төрт спорттық алаңында үш күн жалғасты. Көкшетау қаласындағы «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының негізгі спорт түрлері:
– бозбалалар арасында футзал бойынша турнир;
– әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша турнир;
– шахмат турнирі;
– үстел теннисі бойынша турнир;
– қыздар арасында баскетбол бойынша турнир;
– тоғызқұмалақ турнирі.
Шараның салтанатты ашылуына армрестлинг бойынша ҚР бірнеше мәрте чемпионы, 8 мәрте Азия чемпионы, әлем чемпионатының күмәс және қола жүлдегері – Ильин Илья Сергеевич, қазақстандық ауыр атлетші, спорт шебері, олимпиада ойындарының жүлдегері – Мария Александровна Грабовецкая, «Белый блоггер» ҚБ Төрағасы, «Көкше» велобірлестігі» Клубының басшысы – Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы, Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері Басқармасының басшысы – Галлямов Ринат Фаатович, «НұрОтан» партиясы Ақмола облысы филиалының бірінші орынбасары Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қоры іске асырады.