Көкшетау қаласында SportFEST Kazakhstan республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтеді. Облыстың 19 ауданынан келген 627 оқушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасады.
Қатысушыларды құттықтауға облыстың спорт элитасының өкілдері, жергілікті білім беру бөлімінің басшылары келеді.
«SportFEST Kazakhstan» жобасының басынан бері өңірлерде жеті мыңнан астам оқушы қатысты. Еліміздің бірнеше облысында өткен шара аясында оқушылар бір-бірімен танысып, достасып жатыр. «SportFEST Kazakhstan» Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Алматы, Талдықорған, Орал, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Түркістан, Нұр-Султан, Қостанай және Ақтау қалаларында өтті. Бұл өңірлерде үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар және жүлделі орын иегерлері роликті конькилермен, брендтелген рюкзактармен және Power bank (мобильді аккумулятор), скейтбордтармен марапатталды. Бірінші орын иегерлері 2019 жылы Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтық чемпиондардың тізімімен жобаның ресми сайтынан www.sportfest.kz нәтижелер бетінде танысуға болады.
– «SportFEST Kazakhstan» жобасына өзін танытуға және өз күшін сынауға мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет. Мен үш жыл бойы мектепте шахматпен достарыммен айналысамын. Біздің жаттықтырушымыз ең жақсы және оның арқасында мен бірінші орын алдым. Жазда республикалық жарыстарды асыға күтемін, Көкшетау қаласының №3 орта мектебінің оқушысы Әйгерім Досымова әсерімен бөлісті.
Ақмола облысы «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу турлары өткен соңғы өңір болды. Енді балаларды 2019 жылы 1-5 Маусымда Щучинск қаласында өтетін жарыстың екінші кезеңі күтіп тұр. Финалдық ойындарға еліміздің 17 аймағынан 102 команда қатысады.
Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) мектептерге сыйға беріледі. Ақмола облысында «Бурабай ауданы білім бөлімінің Қарабұлақ ауылының негізгі мектебі» ММ Спорттық құрал-жабдықтар тапсырылды. Спорттық мүкәммалды беру спортты балалар мен жастар үшін қолжетімді етуге жас ұрпақтың өкілдерін салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.
«SportFEST Kazakhstan» – бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған біріңғай жоба.
Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры».
Стоит отметить, что «Менің Елiм» бағдарламасы аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған. «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту арқылы жергілікті қауымдастықтардың жоғарғы өмір сапасы, әлеуметтік орта, білім алу, мәдениет пен спортқа жеткізуге бағытталған.