Екінші жыл қатарынан оқушылар арасында өткен II республикалық спартакиаданың финалында павлодарлық шәкірттер жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, аталмыш байқауда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Диана Абай тоғызқұмалақтан І орынды қанжығасына байласа, Павлодар қаласының № 7 ЖОМ оқушысы Сұлтан Смағұлов ІІ орынды иеленді.
– Осы жылы сәуір айында аймағымыздың 13 ауданынан келген 429 адам екі күн бойы өңірдегі ең үздік деген атаққа ие болу үшін «SportFest Kazakhstan» жобасында жарысқа түскен еді. Бірінші орын иегерлері Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алған болатын, – дейді басқармада.
Еске сала кетейік, № 25 орта білім беру мектебінде өңір оқушылары арасында Жастар жылы аясында екінші рет «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу ойындары өткен.
Республика бойынша 14 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 2003-2005 жылдары туған 7000-нан астам оқушы қатысып, спорттың алты түрі бойынша сынға түседі: футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ.
Павлодар қаласында «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу кезеңінде облыстың 13 ауданынан 429 қатысушы бақ сынады.
Мәлімет көзі: Pavlodarnews.kz