Солтүстік Қазақстан облысыда 4 сәуір күні «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының ашылу салтанаты өткізіледі.
Спорт додасы қыздар арасындағы баскетбол, шахмат, ұлттық ойын тоғызқұмалақ, бозбалалар арасындағы футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен үстел теннисі бойынша өтеді. Байқауға қаланың 14 ауданынан 462 оқушы қатысады.
Іс-шараға облыс спорттық элитасының өкілдері, сондай-ақ жергілікті білім бөлімінің басшылары қатысушыларға сәттілік тілеп келеді.
«SportFEST Kazakhstan» – жастардың арасынан бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау бойынша арнайы жоба.
Айта кету керек, әрбір аумақта, жарыстан кейін бірден барлық спорттық жабдықтар (теннис үстелдері, доптар және де барлық үстел ойындар) мектептерге сыйға тартылады.
Жастар жобасы «Менің елім» өңірлердегі әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» қолдауымен жүзеге асырылады.
Біздің жаңалықтарды www.sportfest.kz ресми сайтынан қараңыз. Сұрақтар пайда болған жағдайда +7 747 248 23 59 нөмірлі жедел желіге хабарласа алады.
Айта кетерлік, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру.