Спорт додасы қыздар арасындағы баскетбол, шахмат, ұлттық ойын тоғызқұмалақ, бозбалалар арасындағы футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен үстел теннисі бойынша өтті. Байқауға қаланың 4 ауданынан 132 оқушы қатысты.
Іс-шараға облыс спорттық элитасының өкілдері, сондай-ақ жергілікті білім бөлімінің басшылары қатысушыларға сәттілік тілеп келді.
«SportFEST Kazakhstan» – жастардың арасынан бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау бойынша арнайы жоба.
Жастар жобасы «Менің елім» өңірлердегі әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» қолдауымен жүзеге асырылады.