«SportFEST Kazakhstan» – Қазақстанның 17 өңірінде болашақ чемпиондарға қолдау көрсетуге бағытталған бірегей жоба. Аталған жоба жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені дәріптеуде ерекше орын алады. Жобаны іске асыру барысында 8-10 сынып оқушылары, барлығы 7000-нан астам қатысушыларды кеңінен қамту жоспарланған.
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында бастау алды. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру.
Бағдарламаның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Қордың бенефициарлары қоғамның әлсіз топтары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, күрделі диагнозы бар балалар, белсенді жастар, спорттық қоғамдастықтар, балалар үйлері, шығармашылық және ғылыми зиялылар.
«SportFEST Kazakhstan» әлеуметтік желілерде:
https://www.instagram.com/sportfestkz/
https://vk.com/sportfestqz
https://www.facebook.com/sportfestkaz
https://sportfest.kz/ – ресми сайт
#SportFestMe – бірыңғай хештег
Баспасөз үшін байланыс құралдары:
Алтынай Аманбаева
Телефон: +7 701 506 62 02
E-mail: aaltynai.a@mail.ru