«SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы маңызды спорттық және әлеуметтік-маңызды жобалардың бірі болып табылады. Оның бірегейлігі спартакиада 7000-нан астам оқушыны біріктіреді. Ал жарыс алаңдары аймақтардың балалары үшін жоғары жетістіктер спорт әлеміне өте жақсы трамплин болды.
Жуырда оқушылар арасындағы жарыс Қызылорда және Маңғыстау облыстарында аяқталды. Ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры». Онда балаларды шахмат, үстел теннисі, баскетбол, футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, сондай-ақ ұлттық тоғызқұмалақ ойындарынан жарыстар күтіп тұрды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын: бренді рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборд, сондай-ақ олар 2019 жылы Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Жоба басталғаннан бері оқушылар арасындағы ең ауқымды спартакиаданың қорытынды ойындарына 60 команда қатысты. Олар республикадағы ең үздік атағына таласады. Жеңімпаздардың аттарымен нәтижелер бетінде танысуға болады.
«SportFEST Kazakhstan» – спорттық атақтары мен дәрежелері жоқ еліміздің оқушылары арасындағы ең үлкен ауқымды республикалық спартакиада. Спартакиада еліміздің 10 өңірінде өтті. Жалпы біз 7000-нан астам қатысушыларды, сондай-ақ жаттықтырушыларды қатыстыруды жоспарлап отырмыз. 2019 жылдың мамырына дейін спорттық іс-шаралар еліміздің 7 өңірінде өткізіледі. Одан әрі қатысушыларды Щучинск қаласындағы Балдәурен лагерінде өтетін ақтық кезең күтіп тұр. Олар үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылады, оған концерттік шоу, сондай-ақ пайдалы демалыс өткізу, ойын-сауық іс-шаралары, конкурстар кіреді. Балалар жаңа достар таба алады деп атап өтті, – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Мирас Іргебаев.
Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Мысалы, Қызылорда облысында – № 264 мектеп-Лицей және № 101 орта мектеп, ал Маңғыстау облысында – №21 жалпы білім беретін орта мектеп.
Естеріңізге сала кетейік, «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен тұрады. Алдымен аймақтық жарыстар өтеді. Іріктеу турлары он өңірдің аумағында өтті – бұл Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары. II кезеңге облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.
«SportFEST Kazakhstan» – бұл екінші рет өткізіліп отырған оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстардың бірі. Ол өзін бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбие беруде ерекше ретінде көрсете білді.