1 маусым мен 5 маусым аралығында «Балдәурен» РОСО-да республикалық мектеп спартакиадасының ақтық ойындары өтеді. Іс-шараға аймақтық іріктеу ойындарынан өткен 2003-2005 жж. туылған оқушылары қатысып жатыр. Жоба аясында барлығы 7000 жуық оқушы қатысып, олардың 561-і финалдық ойындарда бақ сынасуда.
Оқушылар арасындағы финалдық ойындар балаларды қорғау күніне орай өткізіледі. Айта кетейік, спорттық жарыстар мінезді шыңдайды, командалық рухты тәрбиелейді. Мұндай жобалар еліміздің спорттық беделін нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді.
Турнир спорттың алты түрі бойынша өтеді: жігіттер арасындағы футзал, әскери қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол мен тоғызқұмалақ.
Мәлімет көзі: Baldauren.kz