2019 жылдың 1 маусымында Қазақстанда бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған ең ауқымды «SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасының финалдық ойындары басталады.
«SportFEST Kazakhstan» жобасы басталғаннан бері өңірлерде жеті мыңнан астам оқушы қатысты! Оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыстың іріктеу турлары Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Түркістан, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Нұр-Султан, Шымкент және Алматы қалаларында өтті.
Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры». Жарыс екінші жыл өткізіліп, бүкіл елді қамтиды. Осы жылы спартакиадаға 2003-2005 жылы туған балалар қатысады.
Сайыс нәтижесі бойынша әр аймақтан ұлдар арасында футзалдан, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол мен тоғыз құмалақ ұлттық ойыны бойынша үздіктер анықталды. Бірінші орын иегерлері спорттық ролик, екінші орынға арқа қоржын мен Power bank, ал үшінші орын алғандар скейтбордпен марапатталды. Сонымен қатар олардың барлығы 2019 жылдың жазында Шортанды қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан танысуға болады – www.sportfest.kz.
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен өтетінін еске саламыз. Алдымен аймақтар жарыстар өткізіледі. Аудан және облыстық маңызы бар қалалар арасындағы жарыстар әрбір облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі. Екінші кезеңде әр спорт түрінің жеңімпаздары облыс немесе республикалық маңызы бар қалалар намысын қорғайды.
Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі 27 мектептерге сыйға беріледі.