Осы жылы сәуір айында аймағымыздың 13 ауданынан келген 429 адам екі күн бойы өңірдегі ең үздік деген атаққа ие болу үшін «SportFest Kazakhstan» жобасында жарысқа түскен еді. Бірінші орын иегерлері 2019 жылы Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алған болатын.
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының ақтық ойындары 1-4 маусым аралығында болып өтті. Бұл екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан ауқымды іс-шара. Осы жобада тоғызқұмалақтан Павлодар облысының намысын қорғаған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы Абай Диана І орынды қанжығасына байласа, Павлодар қаласының № 7 ЖОМ оқушысы Смағұлов Сұлтан ІІ орынды жеңіп алды.
Мәлімет көзі: Edupvl.gov.kz