Түркістан қаласында ең ауқымды республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп жобасының іріктеу туры өтті. Жоба бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбиені дамытуға және танымал етуге бағытталған.
Турнирге Түркістан облысының 16 ауданынан 528 оқушы қатысты. Жарыс спорттың алты түрі бойынша өтті – бұл футзал, шахмат, үстел теннисі, баскетбол, тоғызқұмалақ, сондай-ақ әскери-қолданбалы спорт бойынша турнирлер.
Жастар жобасының ұйымдастырушылары – «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, сондай-ақ «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасымен бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры». Ол 2019 жылы наурызда басталды. Іріктеу ойындары еліміздің 15 өңірінде өтті. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы.
Жобаға барлығы 7000 адам қатысуы жоспарланған. Қорытынды Балдәурен лагерінде (Щучинск қаласы, маусым 2019) өтетін финалында шығарылады.
Жарыс нәтижесі бойынша әр спорт түрінен үздік спортшылар анықталды. Бірінші орын үшін: спорттық роликтер, екінші орын: брендтелген рюкзак және Power bank (мобильді аккумулятор), үшінші орын: скейтборт, сондай-ақ олар финалға жолдама алды. Аймақтардағы чемпиондардың аттарымен жобаның ресми сайтынан www.sportfest.kz нәтижелер бетінде танысуға болады.
– Біздің облыс басшылығының атынан спартакиаданың ұйымдастыру комитетіне оқушылар арасында осындай бұқаралық жарыстар өткізгені үшін алғыс айтқым келеді. Бұл жобаға екі жыл болды, бірақ ол біздің балаларымыздың ең күтілгендерінің бірі болғанын батыл мәлімдеуге болады. «SportFEST Kazakhstan» – бұл біздің аймақта және тек қана емес, бірегей жоба. Өйткені ол ең алдымен бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және жастар арасында патриоттық тәрбие беруді насихаттауға бағытталған, деп атап өтті Қайрат Араб, Түркістан облысы Білім басқармасының бас маманы.
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен өтетінін еске саламыз. Алдымен аймақтар жарыстар өткізіледі. Аудан және облыстық маңызы бар қалалар арасындағы жарыстар әрбір облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткізіледі. Екінші кезеңде әр спорт түрінің жеңімпаздары облыс немесе республикалық маңызы бар қалалар намысын қорғайды.
Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі. Түркістан облысында – Түркістан қаласы әкімдігі білім бөлімінің №27 жалпы орта мектебі және Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектебі.