Баскетбол (қыздар). 8 адамнан тұратын команда. Жарыстар қолданыстағы FIBA Халықаралық ережелеріне сәйкес өтеді.
Жеңгені үшін 2 ұпай, тең ойнағаны үшін 1 ұпай, жеңіліс үшін 0 ұпай алады. Екі не одан да артық командалардың ұпайлары теңескен жағдайда, артықшылықты өзара ойын қорытындысы бойынша барлық ойындарда кіргізген және жіберіп алған доптар саны үздік айырмашылығы бар команда алады. Жарыстар 10 минуттық 4 кезеңнен тұрады, бірінші және екінші, үшінші және төртінші кезеңдер арасында 2 минуттық үзілісі бар. Екінші және үшінші кезең арасында 10 минуттық үзіліс бар.