Футзал (жігіттер). 8 адамнан тұратын команда, футзалдан жарыстар шеңбер әдісі бойынша бір шеңберден тұрады. Сегіз командадан асып кеткен жағдайда, командалар «жылан» әдісімен топтарға бөлінеді. Екі не одан да артық командалардың ұпайлары теңескен жағдайда:
1) жеке кездесулердің көрсеткіші;
2) жеңістердің көп мөлшері;
3) кіргізген және жіберіп алған доптар саны.
Орындарды анықтау: түйісу кездесулері, қазылар алқасының көзқарасына байланысты финалды өткізу. Ойын 20 минуттық екі таймнан, 10 минуттық үзілістен тұрады.